Евразийский Культурный Альянс
Республика Казахстан, Алматы
ул. Нурмакова, 79

По всем вопросам обращайтесь vladislavsludskiy@gmail.com
Дыбыс өнері мен жаңа музыка Korkut биенналесі аясындағы «Қызыл трактор» арт-тобының «Sound Off» көрмесі
7 қазан - 5 қараша
Еуразиялық Мәдени Альянс «Целинный» заманауи мәдениет орталығы ұйымдастырған дыбыс өнері және жаңа музыка Korkut биенналесі аясында өтетін Қызыл трактор арт-тобының «Sound OFF» көрмесін ұсынады.
Қазақстан тарихындағы дыбыс өнеріне қатысты тұңғыш ауқымды биеннале Алматының Орталық көрме залында ашылып, бірнеше түрлі нысандарды қамтиды. Биеннале бағдарламасы халықаралық және қазақстандық әртістердің қатысуымен дайындалған үш концертті, бес аудиовизуалды кеңістіктік-сенсуалды инсталляцияны, сондай-ақ бірқатар танымдық бастамалар мен концерттерді қамтиды. Биенналенің толық бағдарламасын мына жерден көруге болады.

«Ықлас» халық музыкалық аспаптары мұражайында Қазақстанның алғашқы өнер ұжымдарының бірі «Қызыл трактордың» көрмесі өтеді. «Қызыл трактордың» түсінігінше дыбыс ауызша дәстүрмен қайта қауышу жолы мен оны деконструкциялау әрекеті ғана емес, көшпенді ата-бабамыздың артынан қалмаған тәнсіз мұра болып, ұжымдық жадыны бекітуде негіз болатын фактор. Дыбыс табиғаты туралы бұл ой-толғаулар топтың картиналарында, мүсіндерінде, қойылымдарында кездеседі.
Қазақстандағы ең алғашқы өнер ұжымдарының бірі «Қызыл трактордың» тілінде ауызша дәстүр, музыкалық аспаптар, би өнерінің орны үлкен. Кеңістіктік-құрылымдық композиция мектебінің негізінде құрылған достар мен суретшілер тобы 1995-2005 жылдар аралығында белсенді саяхат жасайды. Саид Атабеков, Смайыл Баялиев, Молдақұл Нарымбетов, Виталий Симаков пен Арыстанбек Шалбаев зерттеулерінің назарындағы түрлі тақырыптардың ішінде дыбыс дәнекер қызметін атқарып, оның табиғаты туралы толғаныс ұжымның картиналарында, перформанстарында және мүсіндерінде кездеседі.


Бір жағынан, «Қызыл трактордың» түсінігінше дыбыс ауызша дәстүрмен қайта қауышу жолы мен оны деконструкциялау әрекеті ғана емес, көшпенді ата-бабамыздың артынан қалмаған тәнсіз мұра болып, ұжымдық жадыны бекітуде негіз болатын фактор. «Қызыл трактордың» перформанстарында дыбысқа деген көзқарасты оны емдік қасиеттері бар толқын ретінде көруі арқылы байқай аламыз. Осы көзқарас «Тазарту рәсімі 2003/2018» шығармасындағы ауқымды дабылдың жасалуында айқын көрінеді.


Музыкатанушы Елеманова Саида ханымға сенсек, «Адамзат мәдениетінің ең көне іргетасы – салт – оның ең маңызды құрамдас бөлігі Дыбыс болып табылады». «Қызыл трактордың» алғашқы шығармаларындағы салт пен дыбыстың байланысын байқау қиын емес. Сонымен қатар, суретшілер өз дыбыстық өнерлерінде New Media-мен әрекеттеспей, дыбыс жазу технологиялары немесе дыбыстық манипуляцияларды қолданбайтынын, жұмыстарында динамиктерді немесе басқа жабдықты пайдаланбағанын атап өткен жөн. 1960-1970 жылдардағы «Fluxus» қозғалыс өкілдерінің жұмыстарына қайшы «Қызыл трактор» өз салт дәстүрлерін технологиялармен байланыстырмайды. Стихиялылығына, жеделдігіне және іс-әрекеттерін мұрағаттау мен құжаттандырудағы қарсылығына қарап «Қызыл трактор» ситуационисттерге жақын қалғандығын көре аламыз. Әртістердің мұндағы мақсаты өзінің жеке рухани тәжірибесін өздерінен, не аспаптан шыққан дыбыс арқылы өту. Осы аспаптар көбіне ұжым мүшелерінің бірі Молдақұл Нарымбетовтың қолымен ағаш, тас, не тері сияқты органикалық материалдардан жасалған.


Әулие Жоханның Інжілі бізге «бастапқыда сөз болған» деп айтады, бірақ бұл тікелей ибраһимдік діндерінің идеясы емес. "Әлемді сөзбен «жандандырғанға» дейін ол үнсіз болған" дегендегі "сөзді" ғаламды әлі күнге дейін кеңейтетін физикалық толқын деп түсінуге болады. Дыбыс пен тыныштық үйлесімді, күрделі, әрі әдемі. Дыбыспен тең тыныштық та суретшілердің жиі тақырыбы болып тұрады, бірақ ол сопылық, үнсіздік және бостыққа деген қызығушылықтары арқылы бекітіледі. Дыбыс толқындары арасындағы үзілістердің маңыздылығы толқындардың маңыздылығынан кем емес, себебі біреуі екіншісін жоқтықтан ажыратады.

«Қызыл Трактор» арт-тобы жайлы
Өнер ұжымын 1980-1990 жылдардың тоғысында колледж профессоры, кеңістіктік-құрылымдық композиция мектебінің мүшесі Виталий Симаков құрды. Алғашқы бірнеше жылда топтың құрамы мен атауының өзі жиі өзгерді, бірақ 1990 жылдардың ортасына қарай суретшілер бірлестігі бүгінгі біз білетін қауымдыстыққа айналды.

Смаил Баялиев, Саид Атабеков, Виталий Симаков, Арыстанбек Шалбаев және марқұм Молдақұл Нарымбетов 2000-шы жылдардың ортасына дейін белсенді саяхаттап, тәжірибе жасап, бірге өмір сүріп, жұмыс істейді, кейін суретшілер өздерінің жеке шығармашылықтарына көбірек көңіл бөле бастайды. Ынтымақтастық кезеңінде «тракторшылар» спектакль, кескіндеме, мүсін және бейне өнердің қиылысында кездесетін эксперименталды және жарқын өрнек тілін ойлап тапты.

2018 жылы Нью-Йорктегі MANA Contemporary-де өткен Азия Өнері Апталығы аясында көрермендер Лиза Ахмадидің кураторлығымен өткен «Қызыл трактор» шығармаларының ең маңызды ретроспективасын көрді. «Жинақтармен Ойлау, Әңгімелер Айту» көрмесінің кейбір жұмыстарын енді Sound Off көрмесінен көруге болады.
Еуразиялық Мәдени Альянс туралы
2011 жылы құрылған коммерциялық емес ұйым Қазақстандағы заманауи өнерді қолдау мен дамытумен айналысады. ЕКА креативті экономиканың өсуін ынталандырып, Қазақстанның әртүрлі аймақтарының мәдениет саласына деген әлеуметтік тартылуын арттырады және қазақстандық бірегейлікті кең халықаралық контекске қосады.

Соңғы он бір жыл ішінде Еуразиялық Мәдени Альянс Қазақстанда және одан тыс жерлерде ондаған заманауи өнер көрмелері мен фестивальдерін, бірқатар білім беру бастамалары мен жобаларын ұйымдастырды.
Қызыл Трактор
«Sound Off»
7 қазан - 5 қараша

Контакты для прессы:
Алина Абдулл
+7 701 100 09 22