Eurasian Cultural Alliance Public Association
Republic of Kazakhstan, Almaty
Nurmakov str, 79

For all inquires please contact vladislavsludskiy@gmail.com
ANCIENT FUTURES: Мұраны, қолөнерді және экологияны зерттеу
17 CӘУІР, 2025 - 4 МАМЫР, 2025
Egin Art Space Алматыда Қазақстан

15 МАМЫР - 30 МАМЫР, 2025
MOC Hub Ташкентте, Өзбекістан
«Қозғалыстағы объектілер арқылы болашақ оның өткеннен жасалғанын көрсетеді».
Наваро-Яшин 2009; Ахмед 2010; Хорнборг 2012

Климаттың өзгеруі, саяси қақтығыстар және адам көші-қоны қалыптасқан әлемде Ancient Futures бізді мұраның рөлін қайта қарастыруға шақырады – статикалық мұрағат ретінде емес, қазіргі және болашақ әрекеттерімізді қалыптастыратын динамикалық жүйе ретінде. Көрме уақыттың циклдік сипатын зерттейді — жады, жойылу және жаңғыру — мәдени мұраны өткен білім мен заманауи инновациялардың экологиялық жаңғыру мақсатындағы ынтымақтастығын дамып келе жатқан үдеріс ретінде ұсынады. Родни Харрисон, Стаффан Аппелгрен және Анна Бохлиннің Belonging and Belongings: On Migrant and Nomadic Heritages in and for the Anthropocene атты еңбегінде атап өткендей, қозғалыстағы обектілер өткенді де, болашақты да қалыптастыратын естеліктер мен оқиғаларды алып жүреді.
Ancient Futures жергілікті мәдениеттердің тұрақты тәжірибелері бүгінгі күні өзекті болып қалатын құнды түсініктерді қалай ұсынатыны туралы үлкен пікірталаста өз орнын табуға тырысады. Экожүйелермен терең байланыста негізделген қазіргі заманға дейінгі білім жаңартылатын ресурстарды ұтымды пайдалануға, қалдықтарды азайтуға және табиғатты құрметтеуге бағытталған. Көптеген байырғы халықтар қоршаған ортаны жермен, сумен және жануарлар әлемімен рухани байланыстағы тірі тіршілік иесі ретінде қарастырады. Осы көзқарас ресурстарды пайдаланудағы теңгерімді көзқарасты сақтау қажеттілігіне ықпал ететін. Кең байтақ Еуразия даласында маңызы зор көшпелілік философиясы қозғалыс пен жаңғыруды біріктіретін табиғатпен үйлесімді қарым-қатынасты қамтиды. Көшпелі қоғамдар ежелден маусымдық көші-қон, табиғи айналымдарға бейімделу және экологиялық тепе-теңдікті сақтау арқылы тұрақты өмір сүру тәжірибесін ұстанды.

Көрменің орталығында есте сақтау және түрлендіру құралы ретіндегі материалды зерттеу. Био-дизайнерлермен және жергілікті суретшілермен ынтымақтаса отырып, Ancient Futures өзекті экологиялық мәселелерді шешу үшін заманауи технологияларды дәстүрлі экологиялық материалдармен және тәжірибелермен біріктіреді. Климаттың бұзылуына ықпал еткен саяси шешімдерді сынайтын және киізден жасалған жүн мен бояулы микробтық пигменттерді үйлестіру арқылы даланы емдейтін эко-тоқыма бұйымдарын жасайтын Хана Цвелбар мен Әсел Есжанованың «Loops» жобасынан бастап, кеуіп жатқан Арал теңізінің суын сүзуге қабілетті балдырларды өсіруге арналған Дана Молжігіттің 3D басып шығарылған керамикалық панельдеріне дейін, — көрме интегративті білімнің жаңа шешімдерді табу мүмкіндігін көрсетеді. Диляра Қайыпова ұсынған “икат” дәстүрлі тоқыма бояуына қайта мән беру оңтүстік қалалар бастан өткерген ыстықпен күресудің жаңа әдісін ұсынса, bioMATTERS студиясы Дана Молжігіт пен Хана Цвелбардың жұмыстары мицелийді экологиялық және қалалық контекстте регенеративті материал ретінде пайдалану мүмкіндіктерін көрсетеді. Мицелий пайдаланудың бұл инновациялық тәсілдері қолөнер әдістерінің болашағы бар екенін және биоәртүрлілікті қалпына келтіру мен ара популяциясын қолдау үшін пайдалануға болатынын көрсетеді. Қазақстандық суретші Сәуле Сүлейменова биопластиктың дәстүрлі пластикке тұрақты балама ретіндегі рөлін ерекше атап өтсе, Kurt жобасының авторлары – зерттеушілер Алтын Мұстафина және Әлия Болатхан, суретшілер Мәдина Жолдыбек және Шекер Шәкірмен бірге – дәстүрлі тағам тәжірибесін сақтау, атап айтқанда құрт жасау, климаттық өзгерістер мен азық-түлік тұрақсыздығы жағдайында тұрақты дамудың негізі бола алатыны туралы спекулятивті көзқарасты ұсынады.
Бактериялық пигменттерден, мицелийден және балшық пен жүн сияқты дәстүрлі материалдардан, озық биотехнологияға, өнеркәсіптік мицелийге және роботтық өндіріске дейін, Ancient Futures әдеттегі көзқарастарға қарсы тұрады және өмір сүру кеңістігі туралы дәстүрлі түсініктерді қайта елестетеді. Қазақстан, Өзбекстан, Ұлыбритания, Испания, Германия және Словениядан келген әр түрлі суретшілер, зерттеушілер және ғалымдар тобымен жұмыс істейтін көрме жергілікті білім мен инновациялық биотехнологияны біріктіріп, қоршаған ортаның болашағына жаңа әрі тың көзқарастар ұсынады.

2025 жылдың көктемінде Алматыда ашылған Ancient Futures келесі айда Өзбекстанға сапар шегеді, ол басқа елдерге саяхаттай отырып, аудиториясы мен болашағын кеңейтеді. Әр кезеңде көрме қатысушыларды табиғат әлемі мен өткен қолөнерді адам әрекетінен келтірілген залалды қалпына келтірудің ажырамас элементтері ретінде қарастыруға және оны болашақ үшін тұрақты, қалпына келтіретін жүйелерді құру алаңы ретінде көруге шақырады.
Біз Қазақстандағы British Council, олардың Өзбекстандағы командасының және жеке Галя Корецкаяның Ancient Futures жобасына сенімі және адамдардың экожүйелермен қалай қатар өмір сүре алатыны туралы балама көзқарасты ұсыну әлеуеті үшін жомарт қолдауы, тәжірибесі мен сенімі үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Қиындықтар, цинизм, дағдарыстар мен тұрақсыздықтар шайқалған әлемде әлі де оң өзгерістердің, игі істер мен тиімді шешімдердің күшіне сенетін адамдар мен ұйымдар бар. Бұл мүмкіндік үшін рахмет.

InDrive және Қанат Ногойбаевқа Дана Молжігіттің қалалық аралардың урбанизацияланған ортада өзін жайлы сезінуіне көмектесетін инновациялық жобасының өндірісіне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз. Еліміздегі ең әлеуметтік жауапты жеке компаниялардың бірінің арқасында эксперименталды идея жүзеге асты.

Қазақстандағы Испания Елшілігіне Алматының Бас ботаникалық бағында концептуалды суретші Мигель Сбастиданың маңызды қоғамдық-арт жобасын жүзеге асыруға қолдау көрсеткені және біздің көрмеге қосқан елеулі үлесі үшін алғыс айтамыз. Мұндай қолдау бізге «ешбір адам арал емес» екенін және жаһандық климаттық өзгерістерді тек жаһандық құралдар мен өзара ынтымақтастық арқылы шешуге болатынын еске салады.

Біз Қазақстандағы Гёте институтына біздің команданың негізгі мүшесі Айсе Есин Дурмазға билеттермен көмектескені үшін алғыс айтамыз, оларсыз «Киіз үй» жобасы үшін киіз үйді қайта елестету мүмкін емес еді.
Кураторлық команда:
Дана Молжігіт
Хана Цвельбар
Владислав Слудский
Асель Есжанова

Экспозициялық безендіру және дизайн:
Шыңғыс Айтжанов

Концепцияны Әзірлеу:
Хана Цвельбар
Дана Молжігіт
Асель Есжанова
Алтын Мұстафина
Владислав Слудский

Арт-менеджмент:
Мила Панкратова
Амир Шакаров

Көрме қатысушылары:
Сәуле Сүлейменова
Диляра Каипова
bioMATTERS
Мөлдір Қарубайқызы
Дана Молжігіт
Хана Цвельбар
Асель Есжанова
Мигель Сбастида
Нисса Кинжалина
Дани Кассель
Бауыржан Бисмильдин
Шыңғыс Айтжанов
Алтын Мұстафина
Әлия Болатхан
Айсе Эсин Дурмаз
Мадина Жолдыбек
Шекер Шакир
Аружан Жұмабек
Саския Хайнцель
Зи Кахрамонова
Заза Захидов
Анель Адлет
Мухиддин Рискиев
Джош МакГиннис
Бас серіктес:
British Council в Казахстане

Ұлыбританиядағы серіктес:
bioMATTERS

Өзбекстандағы серіктес:
MOC

Жоба серіктесіктері:
Посольство Испании в Казахстане
Гёте-институт в Казахстане
InDrive
Керамическая студия Forma
Главный ботанический сад
Paritet Buro
ТОО BioClean
Center Rog
Acies Bio
Tadiart
Urban Research Lab
Школа Жании Аубакировой
Bio-ID
iGEM NU Kazakhstan
InBio
Sanat Ceramics

Жеке жоба бойынша серіктестік:
Лайла Жаркин
Тагир Сулейманов
Олег Эхо

Продюсер және қабылдаушы организация:
cultura.kz

Графикалық дизайн:
Paritet Buro

Фотографтар:
Антон Григорьев
Бисмильдин

Видеооператор:
Антон Григорьев

Аударма мен редакция:
Алтын Мұстафина
Наташа Слудская
Амир Шакаров
Владислав Слудский
Дмитрий Мазоренко

Үлес қосқан:
Никита Ивашевский
Айгерим Смагулова
Сабит Байдаулет
Сауханбек Бакытжан
Каменев Ярослав
Алкамова Махаббат
Тургунбаева Гулажар
Кадырова Альбина
Карлыгаш Мукаш
Тауан Бернардо
Виктор Нау
STUDIOPRINT
Бланш Кэмерон
Махаббат Алкамова
Дархан Карманов
Сергей Трощенков
Аня Совитнюк

Лаборатория кеңесшілері мен студенттер:
Бержанова Рамза
Алибек Кудабаев
Алина Ахметова
Алия Нургазиева
Жанмурат Козыбай
Данияр Козыбай
Тимур Ахметжанов