II. ӨЛІМ
«КАЙНД РИМАЙНДЕР»
инсталляция, 2025
ештеңе мәңгілік емес
бәріміз құрғап қаламыз
бірақ сондықтан да
өмірдің
әр
сәті
балғын
Өлімді білу мен өлетініңді түсіну екі бөлек нәрсе. Өлімді біліп, оны есіме түсіру мені болмыстың барынан экстатикалық бақытқа жеткізеді - көзім көреді, қолым тиеді, мұрным иіскиді. Мені (ол кім болса да), уақытша болса да, әлеммен байланыста болуы таң қалдырады.
Ойымда толық еркіндік, қорқынышты ештеңе жоқ, бәрі мүмкін, әр күн - сыйлық.
Көрмеден кейін тақта даладағы кездейсоқ нүктеге ауыстырылады. Қанша жыл ол фикция болатынын, оған қанша адам ұшырап қалғанын, мың жылдан кейін археологиялық ескерткішке айнала ма, кім білсін.