ИНТИЗОР ОТАНИЁЗОВА
INTERSECTION INTIZOR
4 ШІЛДЕ, 2024 - 4 ТАМЫЗ, 2024
RU EN
Суретші Интизор Отаниёзованың алғашқы жеке көрмесі ересек адамның баланы, үлкеннің кішіні, символдықтың биологиялықты басқаруымен мағыналас байланыстар мен сезімдердің жеке оқиғасын баяндайды. Бала бөлмесі - бұл бір жағынан абсолютті бостандық пен қауіпсіздіктің шоғырланған орны, сонымен бірге автономиясы жоқ, жабық бөлме, одан рұқсатсыз шығуға болмайды.
Суретші сонымен қатар күрделі жуйелердің ойын кеңістігіне қалай көшірілетінін зерттейд!: үстел немесе бала ойындарындағы шабуыл мен қарсыласу тәжірибесі және символды мазмұнмен ауыстыру. Отаниёзова үлкен нарративтерд! бөлмесіне кіргізбей, айта алмайтын нәрселерд! айтуға мүмкіндік беретін жеке кеңістігін құруға тырысады.

Бұл көрме-мысалдың кураторы жоқ және таза көрме жобасы болып келмейді. Мұны ішкі балаңызбен ойнауға шақыру ретінде қабылдап, бірегейліктен дейінгі тұлға қандай болатынын туралы ойластырған дұрыс. Соған қоса, әлеміміз біреудің бала бөлмесінде басталған қиялдардың жалғасына қалай айналатыны туралы ойға шақырады.