Евразийский Культурный Альянс
Республика Казахстан, Алматы
ул. Нурмакова, 79

По всем вопросам обращайтесь vladislavsludskiy@gmail.com
"Л. қаласында"
Жанар Берекетованың "Л. қаласында" жеке көрмесі

27 ШІЛДЕ - 10 ТАМЫЗ, 2023
Еуразиялық Мәдени Альянс Алматыдағы EGIN мәдени орталығында өтетін заманауи суретші Жанар Берекетованың «Л. қаласында» жеке көрмесін ұсынады. Көрмеге Л. қаласында түсірілген алты перформанс пен суретшінің инсталляциялары кіреді.

Жанар Берекетова - суретші, Британдық жоғары дизайн мектебінің оқытушысы және Мәскеудегі Винзаводтағы Ашық Студияларының жетінші маусымының резиденті. Политехникалық мұражаймен және ГЭС-2-мен бірлесіп жұмыс істеді. Жанар Ұлыбританияның графикалық дизайн бойынша бакалавриатын бітірген, қазіргі кезде Алматыда тұрып, жұмыс істейді.

Жанар Берекетова 2017 жылдан бері заманауи өнермен айналысады. Оның жұмысы көбінесе сайт-спецификасымен ерекшеленеді. Суретшінің өзі негізінен инсталляциялар (Эластика) және спектакльдерді (Даша+Жанар) пайдалана отырып, үш өлшемді кеңістікпен жұмыс істейді. Жанар Берекетова Ресей, Ұлыбритания, Иран, АҚШ, Словения, Финляндия, Бразилия, Болгария және Чехияны қоса алғанда, әлемнің әртүрлі бөліктерінде белсенді түрде көрмелер өткізген.
Л. қаласы — Қазақстандағы кез келген қызығынан дымы жоқ бір шағын қала. Бірақ қызық деген не? Көбіне оны ойын-сауық, таңғалдыратын я ұлы деп елестетеміз. Л. қаласы — Қостанай облысындағы қала. Жанар 19 жыл бойы ол жаққа баруды армандаған (ақыры барып келді).

«Қызықты дағдыдан іздеймін. Үйреншіксіздік, ыңғайсыздық арқасында, перфоменстер арқылы қатынастың жаңа түрлерін ойлап тапсаң, рутинаның автоматизмі, таптаурын жүріс-тұрыс жойылады. Осындай балама іс-әрекет арқылы типтік қала жаңа хикаясын иеленеді».
Сізді Жанар Берекетованың көрмесіне оның үш өлшемді кеңістікте негізделген инсталляциялары мен перформанстарын көруге шақырамыз.

Сізді бейсенбі, 27 шілде күні сағат 19:00-де «Л. қаласында» жеке көрмесінде күтеміз.
EGIN кеңістігі,
Нұрмақов көшесі 79
Алматы, Қазақстан
+ 7 777 644 34 71