«Beyond the Silence» жобасы фотоөнерге билік пен жеке адамдар әрекеттерінің салдарын көрсете алатын, шынайы оқиғаларды суреттеп бере алатын құрал ретінде қарайды. Жоба Украина, Қазақстан, Мексика, Нигерия және Мьянма сияқты бес ел арасындағы байланысты зерттеуге бағытталған. Ол үшін фотографтар арасындағы диалог орнату және ортақ мәселелер туралы әңгімелерін, тәжірибелері мен ой-толғауларын көрсету көзделді. Мәселен, Қазақстанда фотографтар "Аймақ" тұжырымдамасына назар аударып, аумақтық тұтастық, саяси шекаралар мен сәйкестік идеяларын зерттеді. Ал зорлық-зомбылық көптен бері қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналған Нигерияда күрес пен бейімделу ұғымдарын жеткізетін суреттерді түсіру мақсаты қойылды. Украина мысалында екі тұжырымдама да қарастырылады, себебі соғыс осы мәселелерге қайта қарауға мәжбүр етіп отыр.
«Beyond the Silence» — Magnum Photos және Odesa Photo Days фестивалі (Украина) бірлескен жобасы, ол «Ашық қоғам» қорлары және Украин институтының қолдауымен ұйымдастырылған.