Болашақты елестеткенде, не алыс өткенге бас бұрып қарағанда, ертоқым тарихы ұлттық құрылымның халықаралық болып айналуының жарқын үлгісі екеніне көз жеткіземіз. Ең алғашқы рет атты қолға үйреткен Қзақстанның аймағындағы Ботай мəдениеті (б.з.д. 3700–3100жж.) екені белгілі, сонда да біз ат бейнесін Латын Америка, Ұлыбритания жəне Орталық Азиямен де байланыстырамыз. Ежелгі Грек мифологиясындағы Кентавр бейнесі түбі Ботай мəдениетіне жататын жаттыққан салт аттыға тікелей қатынасы бар. Бұл Гүржістанның мұражайында көруге болатын б.з.б VIII-VII ғ. жататын салт атты əйел мүсіні, еркін рухты амазондық əйел деп те атайтын иконографияға ұқсас. Осы аталған мифологемалар пайда болу негізінде əрқашан да адам мен жануарладың арасын байланыстыратын ертоқым болғаны анық, бұдан артық, сауда жолдарына əсер етіп, жаңа ой мен тауар алмасу үрдісін тездетіп, саяси ахуал пішіні мен жаңа ұйымдарды құруға əсер тигізген тағы да ертоқым.
Ақыры келгенде, барлық жақсы өнертабыстар жаһанға таралатыны рас, осылайша ерте заманнан бері дизайн қызмет пен қарым-қатынас арқылы аймақтарды біріктіріп келе жатыр. Cross Cultural Chairs уоркшобы бұл қағиданы ала отырып, ертоқымға жан-жақты, дизайн, мифология, идеалогия, жиһаз, нарық жəне мəдени пікір алмасу тұрғыларынан жаңаша көзқарас жасайды.
ССС жергілікті шеберлер мен зерттеушілермен бірге жаңаша пікір құрау мақсатымен сəулет өнерінен социология біліміне дейін салаларын қамтитын түрлі дисциплинада жұмыс жасайтын он екі халықаралық жəне екі жергілікті қатысушыларды шақырды. Екі-ақ аптаның ішінде он үш адамнан құрылған топ жергілікті жəне əмбебап, функционалды жəне көркем, көрнекті жəне метафизикалық қасиеттерінің арасында теңгерім іздеумен бес ертоқым жасап үлгерді. Бүгінгі Қазақстанның мəнмəтін жағдайымен терең қарым-қатынас жасап болған соң, біз ұжымдық қорытындымызды жəне жеке тұжырымдарды ұсынуға қуаныштымыз. Қалыптасып қалған пікірге қарамастан, мəдениет сəйкестіктер мен жағрафиялық аймақтармдың арасында орын алады, сол үшін де ол ұлттық емес, бірақ, белгілі бір орынға тиесілі болса да ұлтаралық болып табылады деп санаймыз. Ертоқым секілді, сəйкестік сан шекара мен тарих арқылы өтеді, өзге жерлердегі ой өрістермен зат алмасады. Алайда, кезінде атқа салт мінуді шығарған қазіргі Қазақстан, əлі де өз құндылықтары мен рухын сақтап келе жатқанына көз жеткізу бізге өте жағымды жағымды.