Eurasian Cultural Alliance Public Association
Republic of Kazakhstan, Almaty
Nurmakov str, 79

For all inquires please contact vladislavsludskiy@gmail.com
BAQSYLYQ
Топтық көрме
МАМЫР 22, 2025 - МАУСЫМ 23, 2025
Egin Art Space
Куратор: Марьямгуль Ескен
Шаманизм - көшпелі түркі халықтарының рухани құрылымын қалыптастырған ең көне сенім жүйелерінің бірі. Оның ізі неолит дәуірінен бастап-ақ аңғарылады: Таңбалы тастағы петроглифтер - киелі тәжірибені көзбен бейнелеудің алғашқы формалары. Кеңес дәуірінде шаманизм атеистік идеологияға қайшы деп танылып, тыйым салынғанымен, халық арасында жасырын түрде жалғасып отырды. Кеңес жүйесі құлаған соң шаманизм рухани ізденіс пен ата-баба рухына қайта бет бұрудың құралына айналды. Осы көрме Қырым Алтынбековтың ғылыми-реставрациялық жұмыстары, Молдақұл Нарымбетовтың (шаман-художник) шығармашылығы мен Абдрашит Сыдыхановтың таңба мен тенгрилік белгілерді зерттеуі арқылы шаманизмнің мәдениеттегі эволюциясын көрсетеді.
Дарқан ұсталардан бастап, жылтыр әшекейлерге дейін, Бапановтар отбасының гобелендері арқылы көрінетін рәсімдік театрландырудан бастап Бақыт Бүбіканованың видеоарттарына дейін - шаманизм қоғаммен бірге түрленіп, тірі күшке айналады. Осылайша, Сергей Маслов өз туындылары арқылы шаман архетипін символ мен көлеңке арқылы ашып көрсетеді.

Шаманизм - форма, дыбыс, ым мен жад арқылы бізбен сөйлесуді жалғастыруда. Бұл көрме - сол үнге құлақ түріп, шаманизм ертең қандай болатыны жайлы ойлануға шақыру.